Оқиға
1 мин оқу 281

Петропавлда ЖЭО жұмысшысы қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Петропавлдағы 2-ЖЭО-да өндірістік жарақат алған жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сотқа дейінгі тергеу барысында 5 қараша күні Петропавл 2-ЖЭО аумағында жұмыс орнында болған 21 жастағы монолитшінің өндірістік жарақат алғаны анықталды. Ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. Ол 7 қараша күні алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Сол күні аталған қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды.

Қазір істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.

Сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жауапты тұлғалардың кінәсі айқындалады.

Айта кетейік, бұл Петропавлдағы ЖЭО-2-де адам өліміне қатысты бірінші оқиға емес.

2021 жылдың қаңтарында Петропавл ЖЭО-2-де күл шығару қазандығын тазалау кезінде денесінің 80 пайызын күйік шалған жұмысшы қайтыс болған еді.

Бөлісу:
Петропавлда ЖЭО жұмысшысы қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар