Еліміздің бірнеше өңірінде қар жауады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан аумағының солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс таулы аудандарында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, бірнеше өңірде қар жауады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Синоптиктердің болжамына сәйкес, елдің басым бөлігінде тұман, солтүстікте, шығыста көктайғақ, солтүстікте, шығыста, орталықта жел күшейіп, төменгі боран байқалады.
Астанада ауыспалы бұлт, кейде аздаған қар, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, 9-14 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -2...- °С, күндіз 0...-2°С болады.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. 0-5 м/с дейін жел соғады. Түнде ауа температурасы -1...-3°С, күндіз +4...+6°С болады деп күтіледі.
Шымкентте де күн жауын-шашынсыз өтеді, бірақ ауыспалы бұлттылық сақталады. Түнде тұман болады. Шығыстан жел соғып, 3-8 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -2...-4°С, күндіз +9...+11°С болады.