Непалда жер сілкінісінен алты адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Бүгін таңертең Непалдың шалғай батысындағы Доти аймағында күшті жер сілкінісі болып, алты адам қаза тапты, тағы бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
Магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 02:12-де тіркелді. Бірнеше ғимарат қирады.
«Мәйіттер үйінділер арасынан шығарылды. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаларда емделуде», деді аудан әкімшілігінің басшысы Қалпана Шрестха.
Жер сілкінісінің ошағы Хаптад ұлттық саябағы аймағында болған. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қауіпсіздік қызметкерлері жұмылдырылды.
Айта кетейік, Непалда жер сілкінісі жиі болып тұрады. 2015 жылы болған күшті жер сілкінісінен тоғыз мыңнан астам адам қаза тапқан.