Президент
1 мин оқу 361

Президент Shell компаниясының басшылығымен кездесті

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Shell plc компаниясының бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен және газ, ЖЭК, энергетика салаларындағы кешенді шешімдер бөлімшесінің директоры Уаэль Сауанмен кездесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Кездесу барысында мұнай-газ және энергетика секторларындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Тараптар Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын одан әрі игеру мәселесіне ерекше назар аударды.

го

Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада қызметінен босайтын Бен ван Берденге Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ аталған компанияның басшылығына келетін Уаэль Сауанға табыс тіледі. Президент оның қызметі елімізбен өзара тиімді серіктестікті дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Президент мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Бен ван Берденді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

г

Бөлісу:
Президент Shell компаниясының басшылығымен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар