Қоғам
2 мин оқу 400

Оқушылар кітап оқып, бақ сынады

<p style="text-align: justify;">Елордадағы Оқушылар сарайында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен &laquo;Балалар әлемі&raquo; республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.</p>

Оқушылар кітап оқып, бақ сынады

Байқауға еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің 3-10-сынып оқушыларынан аудандық, қалалық, облыстық іріктеулерден өткен жалпы 97 мыңнан аса бала қатысты. Олар 4 санат бойынша бақ сынады. Атап айтқанда «Ертегілер әлемінде» тақырыбында 3-4-сынып оқушылары «Қазақ ертегілері» және «Алпамыс батыр» кітаптары; «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында 5-6 орта сыныптағы оқушылары «Мен – апамның баласы­мын» және «Ағайынды Гримм­дер ертегілері» атты кітап­тар, «Ғасырлар тарихты жырлай­ды» тақырыбында 7-8-сынып­тағы балалар «Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты» кітаптары; «Ұлы дала эпостары» және «Ұлы даланың даңқы» тақырыбында 9-10-сынып оқушылары І.Есенберлиннің «Көшпенділер. Алмас қылыш» және Д.Дефоның «Робинзон Крузо» кітаптары бойынша білімін ортаға салды.

Салтанатты рәсімге Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Парламент депутаттары, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдері, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен журналистер қатысты.

Алғы сөз алған Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров: «Республикалық балалар оқуына еліміздің түкпір-түкпірінен сүрінбей өткен жүзден жүй­рік қатысушыларымызды бай­қаудың межесіне жетуімен шын жүректен құттықтаймын. Орайы келіп тұрғанда баршаңыз­ды тұғырына қайта қонған ұлттық мерекеміз Республика күні­мен де құттықтаймын. Бұл бай­қау кітап оқу мәдениетімен қатар мемлекеттік тілдің жас буын ортасында кең таралуына үлес қосады. Аталған әйгілі туын­дылар адамның өмір жолында өлшеусіз азық болып, парасатты, кемел жастар­ды қалыптас­ты­руға ықпал етіп келеді. Осындай азамат­тармен бірге біз Әділетті Қазақстанды және қоғамдағы ізгі құндылықтарды қалыптастырамыз», деді.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Абдрахманов мен Аманжол Әлтай, Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысының кеңес­­шісі Бағдад Құлназаров, Жазу­­шылар одағының мүше­лері, ақын-жазушылар Серік Негимов, Шархан Қазығұл, Дихан Қамзабекұлы, Қуа­ныш Жиенбай және Роза Мұ­қанова­лар тиісті номинация­лар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді бағалы сый­лық­тармен марапаттады.

Салтанатты рәсім барысында ең белсенді қатысу­шы­лар­ға алғыс хаттары мен Marwin сертификаттары табыстал­ды. Соңы концертке ұласқан байқаудың басты мақ­саты – балалар мен жасөспірім­дер­дің кітап оқуға деген қызығу­шылығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушылардың шығармаларын терең зерттеуге тарту және өскелең ұрпақтың бойын­­да патриоттық сезімді қалып­тас­тыру.

Бөлісу:
Оқушылар кітап оқып, бақ сынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар