Қазақстан
1 мин оқу 315

Кувейттен Түркістанға жаңа рейс ашылады

<p style="text-align: justify;">Кувейттен Түркістанға ұшатын жаңа әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақстан Республикасы мен Кувейт мемлекетінің авиациялық билігі арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде «Jazeera Airways» Кувейт лоукостері осы жылдың 3 желтоқсанынан бастап Кувейт – Түркістан бағыты бойынша әуе қатынасын бастауды жоспарлап отыр.

«Кувейт астанасы мен түркі әлемінің рухани орталығы арасындағы тұрақты жолаушылар рейстері сейсенбі және жексенбі күндері Airbus A-320 типті әуе кемесінде аптасына 2 рейс жиілігімен орындалады», делінген ведомство ақпаратында.

Министрліктің хабарлауынша, рейстер санының ұлғаюы және ұшу географиясының кеңеюі Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал етеді.

Бөлісу:
Кувейттен Түркістанға жаңа рейс ашылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар