Экономика
1 мин оқу 484

Республикалық бюджет көлемі ұлғаяды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров республикалық бюджет кірістерінің болжамды өсімін атады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Келесі үш жылға арналған республикалық бюджет пен Ұлттық қордың параметрлерін қалыптастыру кезінде Мемлекет басшысының үнемді және жауапты бюджеттік саясат тұжырымдамасын қамтамасыз ету бойынша қойған міндеттері ескерілді. 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері бюджет саясатының оның кіріс базасын толықтырудың жаңа көздерін қалыптастыруға бағдарлануын және бюджет шығыстарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыруды ескере отырып айқындалды», деді Әлібек Қуантыров Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, 2023 жылы республикалық бюджеттің кірістері биылғы жылдың нақтыланған жоспарынан 37%-ға артық болады.

«Жоспарлы кезеңде 2025 жылға қарай республикалық бюджеттің кірісі 17,2%-ға өседі деп күтіледі. Мұндағы қосымша түсімдер Үкіметтің кіріс базасын кеңейту және салықтық әкімшілендіруді жақсарту, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету бойынша қабылдап жатқан шаралары есебінен қамтамасыз етіледі», деп толықтырды министр.

Бөлісу:
Республикалық бюджет көлемі ұлғаяды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар