Қазақстан
1 мин оқу 432

Қазақстан Әзербайжан арқылы мұнай экспорттайды

<p style="text-align: justify;">Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстан мұнайды әртараптандыруды қалай жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үкімет басшысы мұнай экспортын әртараптандыру үшін арнайы жол картасы әзірленгенін айтты.

«Атап айтқанда, бұл Ақтау порты арқылы Баку портына және одан Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры бағыты. Сондай-ақ Грузияда Баку-Супса және Баку-Батумиде біздің терминал орналасқан. Сонымен қатар Атыраудан Батумиге және Өзбекстанға бағытталған темір жолы, Қытай Халық Республикасына да бағыт бар», деді Ә.Смайылов.

Премьер-Министр сондай-ақ 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы 1,5 миллион тонна қазақстандық мұнайды тасымалдау туралы келісім барын айтты. Одан әрі 6-6,5 млн тоннаға дейін арттыру пысықталып жатыр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы «Теңізшевройл» вагон-цистерналарының санын екі есеге арттырғанын және қазірдің өзінде Батуми мен Өзбекстанға теміржол арқылы пилоттық жөнелтулерді бастағанын атап өтті.

Бөлісу:
Қазақстан Әзербайжан арқылы мұнай экспорттайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар