Аймақтар
1 мин оқу 182

Алматыда құрылыс жүріп жатқан үй кешенінен өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Алматыда жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Желіде Алматыдағы Miracle тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы видео тарады.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 10 қарашада сағат 14:57-де Бостандық ауданындағы Абай даңғылы – Қашқар көшесінің қиылысына өрт сөндіру бөлімшелері жіберілгенін хабарлады.

«Салынып жатқан тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында өрт шыққаны анықталды. Өрт 15:07-де оқшауланып, 15:13-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады», деп нақтылады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Алматыда құрылыс жүріп жатқан үй кешенінен өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар