Қоғам
1 мин оқу 392
Қазақстанда азық-түлік тауарлары қымбаттады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Жылдық мәнде ӘМАТ бағасы 20,2%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 6,4 пайыздық тармаққа жоғары.
Өткен аптада сәбіз - 0,7%-ға, қант - 0,2%-ға арзандады. Ал І санаттағы жұмыртқа - 1,6%-ға, пияз - 0,7%-ға, қырыққабат - 0,6%-ға қымбаттады.
Қазақстан бойынша ӘМАТ тізіміндегі кейбір тауарлардың орташа бағасы:
- макарон - 294 тг/кг,
- сиыр етінің кеуде бөлігі – 2279 тг/кг,
- айран 2,5% - 349 тг/литр.
Айта кетсек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.
Бөлісу: