Ауа райы
1 мин оқу 184

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Республиканың жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-ға сілтеме жасап.</p>

Атап айтқанда, Астанада 11 қарашада кей жерлерде көктайғақ болып, қар жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстікте, батыста, Қостанай облысының орталығында баяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстіктен оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауды. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 

Бөлісу:
Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар