Саясат
1 мин оқу 240

Әскери ынтымақтастық

<p style="text-align: justify;">Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының жетекшілігімен қазақ-түрік елдерінің штабтық келіссөздері өтті.</p>

Әскери ынтымақтастық

Халықаралық әскери ынтымақтас­­­тық құрылымдарының басшылары екі ел­дің қорғаныс министрлері мен бас штаб бастықтарының кездесулерінің қоры­тын­дылары бойынша тапсырмалардың іске асырылу барысын, әскери білім беруді, оқу-жаттығуларға қатысуды, түр­лі салаларда тәжірибе алмасумен қоса, ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен келешектегі бағыттарын талқылады.

Келіссөздер нәтижесінде 2023 жылға арналған жоспарға қол қойылды. Сапар барысында түрік елінен келген қонақтар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әске­ри-тарихи мұражайына да барып қайтты.

Бөлісу:
Әскери ынтымақтастық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар