Спорт
1 мин оқу 150

Елге олжалы оралды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Кеше шорт-тректен Қазақстанның ұлт&shy;тық құрама командасын жан&shy;күйер&shy;лер, федерация қызметкерлері, туған-туыс&shy;тары Астананың Халық&shy;аралық әуе&shy;жайынан гүл шоқтарымен күтіп алды.</p>

Елге олжалы оралды

Расында да, осы спорт түрін серік еткен жігіттеріміз ондай құрметке лайық екені дау­сыз. Күні кеше ғана Канаданың Монреаль қаласында аяқталған Әлем кубогінің кезеңдік сайысында олар үш жүлде жеңіп алды. Атап айтсақ, Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша 5 000 метрлік қашықтықта күміс алса, Әділ Ғалиахметов 1 000 метрлік бәсекеде қолаға қол созды. Ал оның алдында ғана АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында Қазақстан құра­масы 5 000 метрлік эстафеталық сайыста мәре сызығын екінші болып қиып өткен еді.

Шорт-трек шеберлерінің дүбірлі додалары енді ғана қызып жатыр. Кеше дәл сол Солт-Лейк-Ситиде тағы бір байрақты бәсеке басталды. «Төрт құрлықтың турнирінде» қазақстандықтар да ел намысын қорғауда.

Бөлісу:
Елге олжалы оралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар