Қ.Тоқаев: Самарқанд – Түркі әлемінің мақтанышы
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің отырысында сөз сөйлеп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Түркі мемлекеттері ұйымының осы кезекті басқосуы аса маңызды деп ойлаймын. Қатысып отырғаныма ризамын. Ең алдымен, осы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, зор қонақжайлық көрсетіп, жылы қарсы алған Өзбекстан Президенті, қадірменді Шавкат Миромонович Мирзиёевке ерекше алғыс айтамын.
Жиынымыз Түркі әлемінің мақтанышы – көне Самарқанд шаһарында өтіп жатыр. Бұл қала тарихи тамыры терең өркениет ошағы ретінде бүкіл әлемге танымал. Самарқанд қаласы Жібек жолының алтын көпірі екенін барша түркі халықтары мойындаған», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Айта кетейік, осы киелі жерде Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық ету құқығы Өзбекстан Республикасына беріледі. Қазақстан Президенті Өзбекстан тарапы бұл міндетті абыроймен атқаратынына сенім білдірді.