Президент
1 мин оқу 300

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының маңызына тоқталды

<p style="text-align: justify;">Түркі мемлекеттері ұйымының рөлі артып келеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінде сөйлейтін сөзінде айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бүгінде Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық рөлі артып келеді. Біз Түркі әлемінің атажұрты ретінде өздеріңізбен жан-жақты қарым-қатынасты дамытуға айрықша мән береміз. Сондықтан, ықпалдастығымызды одан әрі нығайтуға және оны жаңа белеске көтеруге мүдделіміз», деді Президент.

Мемлекет басшысы сондай-ақ  Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының көпшілігіне Қазақстан бастамашы болғанын атап өтті. 

«Түркі ынтымақтастығына ұйытқы болған ұйымдардың тарихын зерделесек, олардың көпшілігіне Қазақстан бастамашы болғанын көреміз. ТҮРКСОЙ, ТүркПА және Түркі Академиясы – соның айқын дәлелі. Бұл ұйымдар бауырлас елдердің мәдени-рухани жақындасуына өлшеусіз үлес қосып отыр», деді Қ.Тоқаев.

Бөлісу:
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының маңызына тоқталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар