Аймақтар
1 мин оқу 215

«Барахолка» базарындағы өрт сөндірілді

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы &laquo;барахолка&raquo; базарындағы өрт сөндірілді. Бұл туралы&nbsp;Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеді,&nbsp; деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жалынды ауыздықтау үшін 3 учаске құрылды. Өрт ошағын анықтауға тепловизорлар қолданылыпты. Тілсіз жау тұтанған орынға жеке құрамның 86 қызметкері, 25 техникасы мен қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары жұмылдырылған.

«Қабылданған жедел шаралардың арқасында күрделі өрт 1 сағат 9 минут ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
«Барахолка» базарындағы өрт сөндірілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар