Теннис
1 мин оқу 483
Аружан Сағындықова Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Аружан Сағындықова Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстандық жас теннисші алғашқы айналымда отандасы Жанель Рүстемовамен бақ сынасты. Мұнда Аружан тартысты бәсекеде Жанельден 4:6, 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды.
Екінші айналымда Сағындықова румыниялық Мария-Сара Попаны 6:3, 7:5 есебімен сүріндірді.
Аружан Сағындықова жартылай финалға шығу үшін әлемнің 484-інші, осы доданың 2-ракеткасы, түркиялық Илай Йорукпен таласады.
Жанель Рүстемова жұптық сында жартылай финалға өтті.
Бөлісу: