Оқиға
1 мин оқу 210

Астанада екі жұмысшы 14-қабаттан құлап кетті

<p style="text-align: justify;">Бүгін Астана полиция бөлімшесіне жұмысшылардың жоғарғы қабаттан құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мән-жайды анықтау барысында тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы құрылыс жұмысы барысында екі жұмысшының жерге құлап кеткені анықталды.

Зардап шеккендердің бірі алған жарақаттарынан сол жерде жан тапсырды, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Астанада екі жұмысшы 14-қабаттан құлап кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар