Бокс
1 мин оқу 525
Гүлсая Ержан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
<p style="text-align: justify;">Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Гүлсая Ержан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
Гүлсая Ержан 81 келіге дейінгі салмақта финалда үндістандық Савитимен жүлдені сарапқа салды.
Төрешілер алғашқы екі раундта үндістандық боксшы басым деп тапты. Жалпы есеп – 5:0 болып, Савитидің пайдасына шешілді.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын 3 алтын, 1 күміс және 5 қола жүлдемен қорытындылады.
Айта кетейік, ертең ерлер арасында тоғыз қазақстандық боксшы алтын жүлдеге таласады.
Бөлісу: