Әлем
1 мин оқу 311
Нигерияда жанармай таситын көлік жарылды
<p style="text-align: justify;">Нигерияның Коги штатындағы магистральдық жолда бензин құйылған цистерна жарылып, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Полиция өкілі жанармай таситын көліктің тежегіші істен шығып, тас жолда тұрған көлікпен соқтығысқанын айтты. Қазіргі уақытта жол қоршауға алынды, жол қауіпсіздігі қызметкерлері зардап шеккендерді анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, қыркүйек айында Коги штатында осындай апаттан 10 адам қаза тапқан.
Бөлісу: