Қазақстан
1 мин оқу 253

Шри-Ланканың төрт азаматы Қазақстаннан шығарылды

<p style="text-align: justify;">Көші-қон заңнамасын бұзған Шри-Ланканың төрт азаматы елден шығарылды, деп хабарлайды&nbsp; <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://polisia.kz/koshi-qon-zangnamasyn-buzghan-shri-lankanyng-tort-azamaty-elden-shygharyldy/" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">Polisia.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>

Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күні ішінде ізін суытпай 11 қылмыс ашылды. Сондай-ақ мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 40 ұсақ бұзақылық фактісі, 200 қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу дерегі, 51 шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны анықталды.

Бұл туралы департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов мәлімдеді. Оның айтуынша, Орал станциясындағы көлік полицейлері Шри-Ланка Республикасының төрт азаматына қатысты Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін тіркеді. Олар визада көрсетілген мерзімде ел аумағынан шықпаған.

Бөлісу:
Шри-Ланканың төрт азаматы Қазақстаннан шығарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар