Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 230

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектің қалай өткенін айтты

<p style="text-align: justify;">WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Дэнзель Бентлимен болған жекпе-жек жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Чемпиондарға тура осындай 12 раундқа созылған қиын айқастар да керек. Қарсылас қатты таңғалдырды деп айта алмаймын. Оны өте құрметтеймін. Мені зерттеп, үлкен дайындықпен шыққаны байқалады.  Бүгін жиналған қауым да, жаттықтырушыларым да, өзім де әлі талай жұмыс атқару керектігін түсіндік. Тыңғылықты дайындалып, бүгінгіден де күшті болып ораламын. Теледидар алдындағы, спорт кешеніндегі, жалпы мені қолдаған бүкіл қазақ еліне алғыс айтамын», деді Жәнібек Әлімханұлы.

Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектің қалай өткенін айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар