Теннис
1 мин оқу 160

Александр Недовесов Словакиядағы турнирде жеңімпаз атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Братислава қаласында (Словакия) өткен Peugeot Slovak Open челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге жүлде қоры 68 мыңдай еуроға бағаланған жарыста үздік шықты.

Доданың үшінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда чехиялықтар Петр Ноза - Андрей Полсонды 4:6, 6:4, 10:6 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша Недовесов өзінің спорт жолында челленджер турнирлерінде 25-титулына қол жеткізді. Соның үшеуін жекелей, 22-сін жұптық сында жеңіп алды. Өткен жыл Недовесов үшін аса табысты болды, ол жеті рет чемпион атанды. Бұл - оның жеке рекорды.

Бөлісу:
Александр Недовесов Словакиядағы турнирде жеңімпаз атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар