Қоғам
1 мин оқу 483

Жалған хабарлама жарға жығады

<p style="text-align: justify;">Қоғамда &laquo;ғимаратқа жарылғыш зат қойылды&raquo; деп жалған хабарлама тарататындар аз емес. Бұл ретте, Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.</p>

Жалған хабарлама жарға жығады

Қылмыстық кодекстің 273-ба­б­ы­на сәйкес терроризм актісі туралы жалған хабарлама тарат­қа­ны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (бүгінгі күні – 14,5 млн теңге) не сол мөлшерде тү­зеу жұмыстары түріндегі жаза, сондай-ақ бес жылға дейінгі мер­зімге шектеу немесе бас бостан­ды­ғынан айыру көзделген.

Жыл басынан бері елімізде осындай фактілер бойынша 138 қылмыстық іс қозғалса, 20 қыл­мыс­тық іс сотқа жіберілген. Осы қылмысы үшін 34 адам ұсталып, оның 17-сі жазаның әртүрлі түрлеріне кесілді. Оның ішінде, бас бостандығынан айырылған – 8, бас бостандығы шектелген – 5, шартты түрдегі жазаға тартылған 2 адам бар. Тағы бір адамға айып­пұл салынған.

Айыпталушылардың біріне сот шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарала­ры қолданылды. Сондай-ақ қыл­мыстық жауаптылық жасына жет­­пеген бір жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынып, олар әкімшілік жауапкершілікке тар­тылды. Бұл қылмыс үшін 14 жасқа толған жеткіншектер қыл­мыстық жауапкершілікке тар­тылады, сондықтан бұл ескертуді мек­теп оқушылары да есте ұс­тауы керек.

Сонымен қатар сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық залал өтелуге тиіс. Арнайы қыз­меттердің мұндай жалған шақы­руларға бір шығуына 300 мың теңгеге дейінгі қаржысы жұм­са­лады, ал кәсіпорындар мен ұйымдардың тоқтап қалуынан келген залал миллиондаған тең­гемен есептеледі. Егер мұн­дай әрекеттерді кәмелетке тол­ма­ған­дар жасаса, залалды өтеу олар­дың ата-аналарына немесе заң­ды өкілдеріне жүктелетінін атап өткен жөн.

Бөлісу:
Жалған хабарлама жарға жығады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар