Спорт
1 мин оқу 131

Буллиттен есе жіберді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жатқан елорданың &laquo;Барысы&raquo; кезекті тур ойынын Магнитогорскіде жергілікті &laquo;Металлургпен&raquo; өткізіп, буллит сериясында жеңіліп қалды.</p>

Буллиттен есе жіберді

«Металлург Аренада» өткен кездесу жерлестеріміз үшін сәтті басталғандай еді. Алғашқы кезеңде есеп ашылмағанымен, екінші кезеңнің алғашқы 10 минутында жерлестеріміз екі шайба соғып, есепте алға шығып алды. 23-минутта Нельсон Ножье мергендігімен көзге түсе, 28-минутта Джереми Бракко нысананы дәл көздеді. Әйткенмен, қазақстандық жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Мұзайдын иелері айналдырған 4 минуттың ішінде жылдам шайбалар соғып, таразы басын теңестіріп кетті. Алдымен «Барыстың» экс-ойыншысы Павел Акользин (31-минут) есеп айырмасын қысқартса, кейіннен Филипп Майе (35) командасының екінші шайбасын соқты. Ал буллит сериясында «Металлург» командасының бағы жанды – 3:2.

Бөлісу:
Буллиттен есе жіберді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар