Ыстанбұлда жарылыс жасаған адам ұсталды
<p style="text-align: justify;">Түркияның Ішкі істер министрлігі Ыстанбұлда жойқын жарылыс жасаған адамның ұсталғаны туралы хабар таратты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. Құзырлы органның пайымынша, бұл террористік әрекетке Күрдістан Жұмысшылар партиясының қатысы болуы мүмкін. </p>
Бұл туралы TRT Haber теларнасында Түркия Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу мәлім етті.
Министрдің айтуынша, бұған дейін 21 адам ұсталып, бомбаны орналастырған адам қамауға алынған.
- Жақын арада бізге бұл азапты тарттырғандардың жазасын бұдан да ауыр азаппен қайтарамыз, деді ол телеарнаға берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ зардап шеккен 81 адамның 50-і шығарылғанын, бесеуі жансақтау бөлімінде, екеуінің жағдайы ауыр екенін айтты. Ал бұған дейін жарылыстан алты адам қайтыс болғаны хабарланған болатын.
Естеріңізге салайық, кеше сағат 16:20 шамасында Ыстанбұлдың Бейоғлы ауданында жарылыс болып еді. Жарылыс орын алған Истикляль көшесі толығымен жабылып, жақын маңдағы Таксим мешіті де жұмысын уаықтша тоқтатты.
Түркия вице-президенті Фуат Октай бомбаны әйел адам қойғанын айтты. Сондай-ақ Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағалағанын растады. Айта кетейік, Түркияның Радио және телевидениенің жоғарғы кеңесі жергілікті БАҚ-тың жарылысты көрсетуіне тыйым салған.