Ауа райы
1 мин оқу 490

Қар, боран, жаңбыр: Бүгінгі ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">14 қарашада Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-ға сілтеме жасап.</p>

Сондай-ақ ел аумағында көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтілуде, елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде екпіні 30 м/с жел соғады.

Синоптиктердің хабарлауынша, Павлодардың оңтүстігінде, Қарағандының солтүстігінде, Түркістанның таулы асуларында, Ақмоланың шығысында, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 30 м/с немесе одан да күшейеді деп күтілуде.

Ұлытаудың солтүстігінде, Қарағандыда, Қостанайдың шығысында, батыста, Ақмоланың солтүстігінде, Түркістан облыстарының таулы аймақтарында қар аралас жауын-шашын күтіледі.

Бөлісу:
Қар, боран, жаңбыр: Бүгінгі ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар