Семейде «алтын іздеушілер» ұсталды
<p style="text-align: justify;">Абай облысы Жарма ауданындағы «Еділбай» учаскесінде құрамында алтын бар материалды заңсыз өндірумен, өңдеумен, жер қойнауын өз бетінше пайдаланумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ІІМ ресми порталына сілтеме жасап.</p>
Бұл факт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген. Өткізілген іс-шаралар барысында Жаңғызтөбе кентінен 30 шақырым жерде құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша 2 заңсыз цех табылған.
Бүгінде 13 «алтын іздеуші» ұсталған, оның ішінде 7 шетелдік азамат бар.
Іздеу іс-шараларын жүргізу бойынша 100 тонна алтыны бар кен, сондай-ақ 2 келіден астам жарылғыш (аммонит) және улы (сынап) заттар, сондай-ақ өндіруге қажетті жабдықтар табылып, тәркіленген.
Құрамында алтын бар материалды өндіру және қайта өңдеу бойынша «іздеушілер бригадасын» жинаған, заңсыз цехтың иесі - жергілікті тұрғын қылмыстық топтың ұйымдастырушысы ретінде ұсталды.