Павлодар қаласында жаңа көпір салынады
<p style="text-align: justify;">Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы 2023 жылы аяқталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ИИДМ <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/press/news/details/458648?lang=kk">баспасөз қызметіне</a> сілтеме жасап.</p>
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысына жасаған сапары кезінде облыс орталығын жалғайтын Ертіс өзеніндегі жаңа көпір құрылысын бастауды тапсырған еді.
«Жаңадан салынатын көпір құрылысы жобасы төрт жолақты құрайды. Ұзындығы – 2,7 шақырым. Жобаның жалпы құны – 40,3 млрд теңгеге жуық. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталмақ. Қосымша қаражат әкімдіктің қажетті құжаттар тізілімі көрсетілген бюджеттік сұранысы негізінде беріледі», деп жазылған ведомствоның хабарламасында.