Елорда
1 мин оқу 306

Астанада қар күреуге 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды

<p style="text-align: justify;">Қар мол жауғалы бері қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бүгін қар күреу жұмысына мыңға жуық арнайы техника мен екі мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

13 қарашадан 14-іне қараған түні елордадан арнайы полигондарға шамамен 3,5 мың текше метр қар шығарылды. Ол 276 рейсті құрады.

Қар жауғалы бері барлығы 2 815 ауыр жүк көлігі қала көшелерінен қар полигондарына 36 мың текше метрден астам қар шығарды.

Бүгін елорданы қар мен мұздан тазартуға 2 300 жол жұмысшысы және 1 мыңға жуық арнайы техника шықты.

Бөлісу:
Астанада қар күреуге 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар