Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Дулат Шайкенұлы Жекебаев Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Дулат Жекебаев 1976 жылы Қарағанды облысында туған.
Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын ауыл мектебінің география және тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2001-2005 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданының білім бөлімінің меңгерушісі болып істеді.
2005-2017 жылдары – Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің орынбасары, білім департаменті директорының орынбасары, Қарағанды қаласының білім бөлімінің басшысы.
2017-2019 жылдары Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының орынбасары болды.