Теннис
1 мин оқу 101

Словакияда жеңіске жетті

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Словакияның Братислава қаласында ұйымдастырылған Peugeot Slovak Open челленджер турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды.</p>

Словакияда жеңіске жетті

Жүлде қоры 68 мың еуроға бағаланған Братиславадағы турнирде жерлесіміз украиналық Денис Молчановпен бірге жұп құрап өнер көрсетті. Осы доданың үшінші ракеткасы ретінде тіркелген қазақстандық-украиналық жұп бас жүлде үшін өткен фи­нал бәсекесінде чехиялықтар – Петр Ноза мен Андрей Полсонды үш сетте – 4:6, 6:4, 10:6 есебімен тізе бүктіріп, турнирдің жеңім­паздары атанды.

Осылайша, Александр Недовесов өзінің спорт жолында челленджер турнирлерінде 25-титулына қол жеткізді. Бұл – қазақстандық теннисшінің жеке рекорды. Жерлесіміз 25 титулының үшеуін жекелей сында, 22-сін жұптық сайыста жеңіп алды. А.Недовесов үшін 2021 жыл аса табысты болып, жеті рет әртүрлі турнирлердің бас жүлдесін жеңіп алған еді.

Бөлісу:
Словакияда жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар