Ауа райы
1 мин оқу 510

Бүгін ауа райы қандай болады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклон өз ықпалын сақтайды соған байланысты еліміздің солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қазгидромет мәліметінше, елде сондай-ақ көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Еліміздің орталығында, оңтүстік-шысында өте қатты жел 30 м/с және одан да жоғары күтіледі. Солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде тұман болады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының оңтүсік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 30 м/с және оданда жоғары болады.

Қостанай облысының шығысында, Түркістан облысының таулы аудандарында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында , түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстік жартысында қатты жауын-шашын күтіледі.

 
Бөлісу:
Бүгін ауа райы қандай болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар