Қазақстан мен Өзбекстан жолдастық кездесу өткізеді
<p style="text-align: justify;">16 қарашада Ташкентте футболдан Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/uzbekistan-kazahstan-data-vremya-ipryamaya-translyatsiya-tovarischeskogo-matcha" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Sports.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>
Өзбекстан - Қазақстан матчы Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады. Жанкүйерлер мен футбол сүйер қауым ойын барысын Qazsport телеарнасынан бақылай алады.
Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы қыркүйек айының соңында Әзербайжанға қарсы ойнап, 0:3 есебімен ұтылды. Бірақ бұл Магомед Адиевтің шәкірттеріне топта бірінші орын алуға кедергі болмады.
Ал Өзбекстан құрамасы қыркүйек айының соңында Коста-Рика құрамасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.