Аймақтар
1 мин оқу 170

Өскемен тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Шымкентте Өскемен тұрғынынан синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Otyrar арнасына сілтеме жасап.</p>

«Шымкент қалалық ІІБ-ның қызметкерлері «Қарасора» ОПМ қызметкерлерінің рейдтік іс-шарасы барысында сөмкесінде есірткі тасымалдаған Өскемен қаласының тұрғынын анықтады. Тексеру барысында полицейлер ер адамнан салмағы 1 келіден асатын синтетикалық есірткі затын тауып, тәркіледі. Сараптама нәтижесі бойынша бұл жалпы салмағы 1,151 келі болатын «мефедрон» екені анықталды», делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Өскемен тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар