Экономика
1 мин оқу 321

Экономикалық көрсеткіштері үздік өңірлер аталды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылғы экономикалық көрсеткіштері үздік өңірлерді атады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Өңірлік тұрғыда Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында үздік көрсеткіштер байқалуда», деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында сыртқы сауда айналымы 35 пайызға өсіп, 98,4 миллиард АҚШ долларын құрағанын айтты.

«Соның ішінде экспорт көрсеткіші 47,5%-ға өсіп, 63,8 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 37,5%-ға өсіп, 19,3 млрд долларды құрады. Тауар импорты 34,6 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы оң сауда сальдосы 29,3 млрд АҚШ долларын құрады», деп толықтырды министр.

Бөлісу:
Экономикалық көрсеткіштері үздік өңірлер аталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар