Биыл 11 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді
<p style="text-align: justify;">Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бүгінгі Үкімет отырысында құрылыс жұмыстары көлемінің артқанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.»</p>
«Жыл басынан бері орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 5%-ға артты. Еліміздің 17 өңірінде өсім тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының қарқынды өсуі Шымкент қаласында, сондай-ақ Ақмола, Қызылорда және Алматы облыстарында байқалады», деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, осы жылдың қаңтар-қазан айларында 11,7 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 1,1%-ға артық.
«Оң өсім 15 өңірде тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштер Түркістан, Ақмола және Алматы облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалады. Төмендеу Ұлытау және Абай, Маңғыстау және Атырау облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында байқалды», деп толықтырды министр.