Ыстанбұлдағы теракт құрбандары жайлы деректер жарияланды
<p style="text-align: justify;">13 қарашада Ыстанбұлдағы Таксим алаңында болған жарылыс салдарынан алты адам қаза тапты. <a href="https://ru.oxu.az/world/663678">Оxu.az</a> сайты құрбандар жайлы деректермен және фотолармен бөлісті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жарылыс кезінде 38 жастағы қала тұрғыны Арзу Озсой мен оның 15 жастағы қызы Ягмур Учар қайтыс боған.


Таксимде 9 жастағы қызы Эжринмен серуендеп жүрген 34 жастағы мемлекеттік қызметкер Юсуф Мейдан да болған. Олар да бейбіт тұрғындарға жасалған лаңкестік әрекеттің құрбанына айналған.


Сондай-ақ 40 жастағы Адем Топкара мен оның 27 жастағы әйелі Мукаддес Элиф Топкара да қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан.

Түркия Ішкі істер министрі оқиға салдарынан 81 адамның жараланғанын, олардың 50-інің үйлеріне шығарылғанын, бесеуі жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді. Тағы екі адамның жағдайы ауыр.