Елордада теннисшілер клубы ашылды
<p style="text-align: justify;">Елордада үстел теннисінен «Astana» клубы жұмыс істей бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ұлттық Олимпиада <a href="/admin/news/olympic.kz">комитетіне</a> сілтеме жасап.</p>
Клубтың негізгі мақсаты мен міндеті - халықаралық деңгейдегі теннисшілерді дайындауға жағдай жасау. Сондай-ақ ең мықты спортшыларды және перспективалық резервті анықтау бойынша турнирлер өткізу, материалдық-техникалық базаны нығайту, кәсіби қазақстандық және шетелдік клубтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту бойынша жұмыс жүргізу, тәжірибе алмасу және соңғы спорттық жетістіктерді енгізу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Аталған клуб халық арасында олимпиадалық спорттың одан әрі дамуына оң әсерін тигізеді.