Бокс
1 мин оқу 374

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионында Дүниежүзілік бокс ұйымының рейтингінің көшбасшысы мексикалық Хаме Мунгиямен ықтимал жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

13 қараша күні таңертең Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста британдық Дензел Бентлиді жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды. Бұған дейін WBO Әлімханұлы жеңіске жетсе, Мунгиямен жекпе-жек өткізеді деген шешімге келген.

«Мунгия менімен күресуге келіседі деген үміттемін», деп жазды Жәнібек Twitter парақшасында.

Хамес Мунгия 19 қарашада Әлімханұлынан екінші раундта нокаутпен ұтылған аргентиналық Гонсало Кориямен жұдырықтасады.

Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар