Аймақтар
1 мин оқу 212

Атырауда есірткі өндіретін фито-зертхана анықталды

<p style="text-align: justify;">Атырау облысының полицейлері құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірген 54 жастағы күдіктіні анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.&nbsp;</p>

«9 қараша күні Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлескен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қала аумағында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіріп, сақтаған 54 жастағы күдіктіні анықтады», деп жазды ІІМ ресми басылымы.

Анықталғандай, үйден 50 қарасора бұтасы, 2 полиэтилен қапшыққа салынған салмағы 2,7 келі кептірілген марихуана, 2 әйнек шыныға салынған шөптің дәндері табылған. 

Күдікті қамауға алынып, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен, ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Бөлісу:
Атырауда есірткі өндіретін фито-зертхана анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар