Аймақтар
1 мин оқу 310

Таразда қоғамдық көлік жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған

<p style="text-align: justify;">Тараз қаласында қоғамдық көлік жүргізушісі әріптесінен озып кету үшін жолдың қарсы бағытына шығып кеткен, деп хабарлады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тараз қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүгенсіз жүргізушіні анықтады.

«Ол 45 жастағы Байзақ ауданының тұрғыны болып шықты. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК 596-бабы 3-бөлігімен «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Таразда қоғамдық көлік жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар