Түркістанда жеңіл көлік аялдамаға соғылды
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында көлік аялдамаға соғысып, салдарынан 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап. </p>
«Анықталғандай, бiр бағытта келе жатқан «BMW-525» маркалы автокөлігі мен «LADA GRANTA» соқтығысқан. Салдарынан «BMW-525» көлiгiнiң жүргiзушiсi рульді игере алмай, жолдың оң жақ бетінде орналасқан аялдамаға соғылды», деп жазды ІІМ ресми басылымы.
Белгілі болғандай, жүргізушілерден бөлек, аялдамада орналасқан тамақтану орнының 2 қызметкері де зардап шеккен. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы деп бағаланған.
Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстарын жүргiзіп, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.