Өнер
2 мин оқу 370

Дарындыларды даралаған жоба

<p style="text-align: justify;">Астанадағы Роза Бағланова атындағы &laquo;Қазақконцерт&raquo; мемлекеттік концерттік ұйы&shy;мында ерекше білім беру қа&shy;жеттілігі бар дарынды бала&shy;ларға арналған &laquo;Арман асулары&raquo; атты республикалық фес&shy;тивалінің қанатқақты жобасы өтті. Мазмұнды шара биылғы &laquo;Балалар жылы&raquo; аясында ұйымдастырылды. Оған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысты.</p>

Дарындыларды даралаған жоба

Бұл жобаның негізгі мақ­саты – еліміздің әр өңірі­нен ерек­ше білім беру қажеттілігі бар балалар арасынан таланттыларды анықтап, олардың шығар­машылық қабілетін шыңдап, өнерінің дамуына жағдай жасау. Онда дарынды жеткіншектер «Вокалдық өнер», «Би өнері» және «Аспапта орындау» атты ата­лым­дар бо­йын­ша өнер көр­сетті.

Фестивальға қатысқан ба­ла­­ларды Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев құт­тықтап, инклюзивті білім беру мен қоғамды дамытуда мұндай жобаның маңызы зор екенін атап өтті.

«Өнер – адамның жанын ғана емдемейді, оның тәніне де тірек болады. Балалардың талантын ашуда мұндай алаңдар қашанда қажет. Сондықтан осы жобаны жүзеге асыруға атсалысқан азаматтардың бар­лығына алғыс айтамын. Сіздер балаларды бақытты, ал қоғамды мейірімді етуге үлес қосып отыр­сыздар», деді министр.

Гала-концерттің бір ерек­ше­лігі балалар Роза Рымбаева, Айжан Нұрмағамбетова, Құр­маш Махан, Салтанат Мең­діғалиева, Әлібек Әлмадиев, Рухия Байдүкенова, Дидар Аб­духалық секілді танымал ән­шілер және «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ан­сам­блі, «Меломен» тобы, Turan фольклорлық-этно­гра­фиялық ансамблі, Forte Trio және Saz&Soul шығармашылық ұжым­­­дарымен бірге өнер көрсетіп, көрермендерге тамаша тарту жасады. Сондай-ақ фес­тивальге қонақ ретінде «Қанаттылар» инклюзивті театры­­ның жетекшісі Арнұр Искаков, халықаралық байқау­лардың лауреаты Алтыншаш Мұқатаева және жас әнші Сев­да қатысып, кештің шырайын кір­гізді. Сонымен қатар жобаға қатысушы балалардың өздері жасаған бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындылары да келушілердің көңілінен шықты. Мәдени шараға BI Жұлдызай кор­пора­тивтік қоры, BINOM SCHOOL және «Нұрлы жүрек» әлеу­меттік қамсыздандыру ор­та­лығы қолдау көрсетті.

Бөлісу:
Дарындыларды даралаған жоба · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар