Руханият
1 мин оқу 424

Шераға шығармалары насихатталды

<p style="text-align: justify;">Талапты ауылындағы Шер&shy;хан Мұртазаның әдеби-ме&shy;мориалды үйінде жазушының 90 жылдығына орай &laquo;Қазақ&shy;тың заңғар жазушысы &ndash; Шерхан Мұртаза&raquo; тақыры&shy;бын&shy;да портреттік кеш ұйым&shy;дастырылды.</p>

Шераға шығармалары насихатталды

Іс-шараның өтуіне облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Шерхан Мұртаза атындағы облыстық «Ру­ханият және тарихтану» орталығы мұрындық болды.

Іс-шараға қатысқан қаламгердің келіні, ардагер кітапханашы Сара Ма­димарова, Шерағаның туысқан немересі Рамазан Шоңғаров жазу­шының өздеріне айтқан аталық сөзі мен ақылы, адами болмысы туралы толғана сыр шертті. Шерхан Мұртаза атындағы облыстық «Ру­ханият және тарихтану» орта­лығының дирек­торы Сауран Қа­лиев Шераға шы­ғар­машылығына шолу жасап, қалам­гердің қазақ прозасындағы рөлі мен тағдыры туралы ой бөлісті.

Соңынан «Болашақ» мектеп-интернатының оқушылары тұғыр­лы тұлға рухына арналған арнау өлең­дерін оқып, әдемі әндерді шырқады. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері Шерхан Мұртазаның кітаптарына библиографиялық шолу жасады. Кейіннен сөз алған облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азамат­тар кітапханасының директоры Жан­на Алшынбаева іс-шараға белсене қатыс­қан азаматтарға ри­зашылығын жеткізіп, сый-сияпат тапсырды.

Жамбыл облысы,

Жуалы ауданы

Бөлісу:
Шераға шығармалары насихатталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар