Саясат
1 мин оқу 160

Парламентаралық байланыс нығаяды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Лилиан Дариймен кездесті.</p>

Парламентаралық байланыс нығаяды

Тараптар келіссөз барысында екі ел арасындағы екіжақты негізде де, халықаралық ұйымдар аясында да өзара тиімді қарым-қатынастардың қарқынды дамуын атап өтті. Шетел дипломаты Қазақстанда жүргізіліп жатқан жан-жақты өзгерістер мен ха­лық­аралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша елдің ұста­нымы туралы хабардар етілді.

Кездесуге қатысушылар Қазақ­стан мен Молдова арасын­дағы екіжақты ынтымақ­тас­тықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық байланыстарды, оның ішінде парламенттік достық топтарының жұмысын одан әрі тереңдету туралы уағдаласты.

Бөлісу:
Парламентаралық байланыс нығаяды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар