Аймақтар
2 мин оқу 311

Колледждер альянсы

<p style="text-align: justify;">Еліміздегі 14 колледждің бірігуімен жаңа альянс құрылды. Олар ERG кәсіпорындарының нақты сұранысы бойынша мамандарды даярлап, өңірлердің ауыр өндіріс орындарындағы кадрлар жетіспеушілігін жоюға көмектеседі.</p>

Колледждер альянсы

Колледждер альянсына Пав­лодар, Қостанай, Ақтөбе об­лыс­тарынан 14 орта арнаулы оқу орны және Еуразиялық топ енді. Қазіргі заманғы еңбек нарығы үшін техникалық кадр­ларды даярлау – өңірдегі білім беру жүйесін дамыту ба­ғыт­та­рының бірі екенін атап өткен абзал. Бұған дейін об­лыстағы 10 колледж жанынан құзырет орталықтары ашылды. Соңғы үш жылда техникалық маман­дарды даярлауға арналған мем­лекеттік тапсырыс екі есеге ұл­­ғайып, облыс бойынша бар­лық колледж студенттерінің 80 пайызын қамтыды. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Ақсу қара металлургия кол­леджіне алдағы уақытта альянс­­пен бірлесіп нақты өнді­рістер мен жаңа инвестициялар үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағ­дарламаларын әзірлеу мін­дет­­­­теліп отыр. Теория мен тә­жіри­бенің, дуалды оқыту формасы мен дәстүрлі оқытудың арақатынасы, түлектердің жұ­мысқа орналасуын бақылау сияқты мәселелерді шешу осы саладағы жұмыстың тамаша нәтижесі болмақ.

Облыс колледждерінде барлығы 22 мыңға жуық студент білім алады. Олардың көпшілігі колледждегі оқу­мен қатар, өңірдегі 150-ге жуық кә­сіпорында тәжірибе алу мүм­кіндігі бар. Бұл кәсіп­орын­дардың ең ірілері – ERG өн­дірістері.

– Біздің қоғамда токарь ма­ман­дығы қыздарға жарас­пайды деген теріс көзқарас қалыптасып қалған. Колледжде осы біліктілік бойынша көптеген қыздар білім алып жатыр. Бұл мамандықты игеру қиын емес, оқу барысы өте қызықты. Құзы­­реттілік орталығы алған білімі­­мізді тәжірибе жүзінде қол­дануға мүмкіндік береді, – дейді Ақсу қара металлургия кол­­леджінің 2-курс студенті Александра Букумбаева.

Павлодар облысының кол­ледждері Еуразиялық топпен ынты­мақтастық орнатқаннан бері барлығы 40 мыңға жуық маман даярлаудан өткен.

– Адамдарсыз біз ештеңе жасай алмаймыз. Сондықтан бізге жас әрі талантты, соны­мен бірге білікті мамандар қа­жет. Өнеркәсіптік маман­дық­­­тарды жас ұрпақ үшін қы­зықты ету – біздің алғашқы кезек­тегі міндетіміз, – дейді ERG акционері Александр Машкевич.

Ақсу қара металлургия кол­леджі 55 жылдық мерейтойы­на орай ERG құзыреттілік орта­лы­­ғын жаңғыртуға арнал­ған сыйлық сертификатына ие болды.

Павлодар облысы,

Ақсу қаласы

Бөлісу:
Колледждер альянсы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар