Әлем
1 мин оқу 300
Ыстанбұлда тағы жарылыс болды
<p style="text-align: justify;">Ыстанбұлдың Фатих ауданында жарылыс болып, бірнеше көлік өртенді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Mynet порталына сілтеме жасап.</p>
Жергілікті биліктің хабарлауынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Кейбір деректерге сәйкес, жалын алдымен бір көлікті шарпыған, содан кейін Сұлтанахмет алаңынан батысқа қарай 5 шақырым жерде орналасқан Қожа Мұстафа паша көшесінде тұрған көлік өртенген.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды жедел ауыздықтады.
Айта кетсек, бұл ауданда Ыстанбұлдың басты көрікті жерлері - Айя София мешіті мен Көк мешіт орналасқан.
Бөлісу: