Президент
1 мин оқу 231

Президент Алматы қаласының бірқатар азаматын марапаттады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Алматы қаласының бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a><b><br /></b></p>

Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен «Қазақстанның қала құрылысшылары одағы» ҚБ президенті Любовь Владимировна Нысанбаева;

«Құрмет» орденімен «Қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК дәрігері Роза Айтжанқызы Дүйсенбаева;

«Ерлігі үшін» медалімен ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Қайрат Бекәлиханұлы Нұржаубаев;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Hyundai Trans Auto» ЖШС өндіріс басшысы Садыкжан Абдулович Мусаров;

«Шапағат» медалімен «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ магистранты Әділхан Темірханұлы Төлепберген марапатталды.

Бөлісу:
Президент Алматы қаласының бірқатар азаматын марапаттады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар