Елімізде 22 градусқа дейін аяз болады
<p style="text-align: justify;">Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Синоптиктердің айтуынша, елдің басым бөлігіндегі ауа райына солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі. Кезеңнің соңында фронтальды ағындардың өтуімен бірге республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады.
«Солтүстікте қар, ал оңтүстік пен батыста жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша желдің 15-23 м/с дейін күшеюі, көктайғақ, тұман болса, солтүстік, шығыс, орталықта бұрқасын күтіледі. Түнде солтүстікте, шығыста, орталықта ауаның температурасы 8-22 градусқа дейін төмендейді», делінген хабарламада.